$ 549.06  644.87  6.66

Министрлік Еспанов пен Майғазиевтің ұлына қатысты мәлімдеме жасады

Кейінірек Олжас Еспанов бұл жазбалар әзіл ретінде жарияланғанын түсіндірсе, Майғазиевтің ұлы "досына жарнама жасағанын" айтқан. 

Фото: instagram.com/espanov_olzhas, instagram.com/maigaziyevsaken
Фото: instagram.com/espanov_olzhas, instagram.com/maigaziyevsaken

Эстрада жұлдыздары Сәкен Майғазиев пен Нұрлан Еспановтың ұлдары "Қайрат" пен "Реал" арасындағы матч билеттерін қымбат бағамен қайта сатқан болуы мүмкін. Бұл ақпаратқа байланысты пікір білдірген Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов, егер ресми арыз түскен жағдайда, тексеру жүргізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Бұл мәліметті алғаш рет сіздерден естіп отырмын. Егер қандай да бір адам ресми түрде шағым түсірсе, заң аясында тексеру жүргіземіз", – деді Әділов Мәжіліс кулуарында.

Бұған дейін әлеуметтік желіде екі әншінің ұлдары матч билеттерін 350-600 мың теңге аралығында сатқаны туралы жазбалар тараған болатын. Алайда, бастапқыда бұл билеттердің ресми бағасы 35 мың теңгеден басталған.

Кейінірек Олжас Еспанов бұл жазбалар әзіл ретінде жарияланғанын түсіндірсе, Майғазиевтің ұлы "досына жарнама жасағанын" айтқан. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 9

Серіктес жаңалықтары