$ 549.15  643.88  6.71

«Неменеге келдіңдер?»: Қарт кісі көрермендердің жанкүйерлік етпегеніне ренжіді (ВИДЕО)

Видео кадрларынан қарт кісінің ойынды тамашалауға келген көрермендерден "Қайрат" деп шуылдауды сұрап тұрғанын байқауға болады. 

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

"Қайрат" - "Реал Мадрид" матчына жанкүйерлік етуге барған қазақ ата трибунадағы тыныштыққа ренжіді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видео кадрларынан қарт кісінің ойынды тамашалауға келген көрермендерден "Қайрат" деп шуылдауды сұрап тұрғанын байқауға болады. 

"Не деген жалқаусыңдар? Неменге келдіңдер? Қайрат! Қайрат!", - деді ол.

Желі қолданушылары жанкүйерлердің бей-жайлығын жарыса жазды. 

"Нағыз жанкүйерлер кіре алмады негізі", "Жанкүйер деген жоқ қой Алматы да", "Байларға сатып билетті, стадионды күйретті", "Футбол қақпайтын, ғаламтор желісінен ғана көріп қалган адамдар, Реал Мадрид келіп еді өтірік жанкүйер болып калғандары өзекті өртейді", деп жазды желі қолдануышалыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары