$ 549.15  643.88  6.71

Қостанайда 65 жастағы әйел жүріп келе жатқан таксиден құлап, көлік астына түсті (ВИДЕО)

Оқиға такси қиылыстан бұрылып жатқан сәтте болған. 

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Қостанайда жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан такси қиылыстан бұрылып жатқан сәтте артқы есіктің ашылып, жолаушының жолға құлап кеткені байқалады. Артынша артта келе жатқан көлік әйелді басып өткен.

“Наша Газета” басылымының мәліметінше, зардап шеккен әйелдің жасы 65-те. Ол аман қалғанымен, көптеген жарақат алып, қазір ауруханада жатыр. Дәрігерлер жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр.

Қостанай облыстық полиция департаменті жол-көлік оқиғасы бойынша әкімшілік іс қозғалғанын хабарлады. Такси жүргізушісі жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылған.

Сонымен қатар, полицейлер көліктегі орнына қарамастан барлық жолаушыларға қауіпсіздік белдігін тағу міндетті екенін ескертті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары