$ 547.57  642.63  6.68

Степногорск қоқысқа көмілген қала: Сұмдыққа әкімдік көз жұма қарап отыр

Бір сөзбен айтқанда, бір кабинеттен екіншісіне қағаз тасу — нәтиже нөл.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Степногорсктің шетіндегі орман – енді табиғат емес, қоқыс қоймасы. Матрас, бөтелке, пластик, сынған мебель, құрылыс қалдықтары – бәрі осында. Айнала қураған шөп, иіс, шыбын-шіркей. Қала ішінде емес, иә — тура осында адамдардың өмір сүріп жүргені ұят, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тұрғындар айлап шағым жазып келеді. Полицияға, әкімдікке, прокуратураға – бәріне. Бірақ нәтиже жоқ. Полицияның жауабы дайын шаблон сияқты: «Иесін анықтап жатырмыз, шара қолданылады». Ал әкімдік болса, үнсіз. Қайта-қайта уәде береді, бірақ бір техника шыққан жоқ.

Белсенді Алексей Сочнев прокуратураға дейін арыз түсірді. Бірақ прокуратура да “жауапты орган – полиция” деп, істі сол баяғы жерге қайтарыпты. Бір сөзбен айтқанда, бір кабинеттен екіншісіне қағаз тасу — нәтиже нөл.

Қазір бұл тек бір адамның мәселесі емес. Бұл – биліктің шынайы беті. “Таза қала”, “экология” деп есеп береді, бірақ шын өмірде табиғат тоналып жатыр. Теплотрасса бойындағы ағаштардың түбінде бөтелке емес, жүйенің бейберекеттігі жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары