Жергілікті белсенділер бұл мәселе бойынша қалалық әкімдіктің әрекетсіздігін атап өтіп, сапасыз асфальт төсеген компанияларды тексеруді және жауапкершілікке тартуды талап етуде.
Талдықорғанның Хутор ықшам ауданындағы жол жөндеу жұмыстары жұрттың ашуын туғызды. Тұрғындар айтуынша, биыл төселген асфальт сапасы сын көтермейді — шұңқырлар мен ойықтар қайта пайда болып, жаңадан салынған жол көлік жүргізушілеріне қиындық туғызуда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Желі қолданушыларының айтуынша, мұндай жағдай тек Хуторда ғана емес, Новостройка мен басқа да аудандарда қайталанып отыр. «Хутор всегда был таким районом, на который забивали болт», — деп жазған автордың сөзін көптеген тұрғындар қолдаған. Кейбір пікірлерде тұрғындар әкімдікті тікелей сынға алды: «Қалаға обал ғой, соңғы 2–3 жылда бәрі қирап кетті. Қайда қарасаң, бардақ. Әкімге, мердігерлерге бәрі байланысты. Қандай қожайын — сондай үй», — дейді тұрғындардың бірі. Тағы бірі ашынып жазған: «Осындай жол салған фирмаға айыппұл салынсын! Әкімдік мұндай жұмысты қабылдамауы керек. Тиісті бақылау қайда?» Кей әйелдер қалжың аралас шағым айтқан: «Жаңбыр кезінде етік балшықта қалады, шығару мүмкін емес. Егер аяқ киім түсіп кетсе — қош бол, слюзка!» Ал кей комментаторлар мәселені түпкілікті шешпесе, тұрғындар енді велосипедпен ғана жүретінін айтып мысқылдаған: «На велосипеде! Обгоняя автомобили как стоячие!» Жергілікті белсенділер бұл мәселе бойынша қалалық әкімдіктің әрекетсіздігін атап өтіп, сапасыз асфальт төсеген компанияларды тексеруді және жауапкершілікке тартуды талап етуде.