12.10.2025, 22:30

«Оның жетеуі бала»: Қарағандыда 33 адам шұғыл эвакуацияланды

Фото: ТЖМ

Қазіргі уақытта өрт толық сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.

Қарағандыда тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шығып, 33 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға Анжерская көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында болған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт кезінде үйдің кіреберісін қою түтін басып, жалын жоғары қабаттарға тарау қаупі туындаған.

«Өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында түтін басқан пәтерлерден 8 адам, оның ішінде екі бала құтқарылды, ал тағы 25 тұрғын, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды», – делінген ТЖМ хабарламасында.

Қазіргі уақытта өрт толық сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайлар департаменті өрттің шығу себебін анықтау үшін мамандандырылған сараптама жүргізіп жатыр.

Құтқарушылар тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттігін ескертеді:

электр және жылыту құралдарын қараусыз қалдырмау; электр токтарын шамадан тыс жүктемеу; балаларды үйде қараусыз қалдырмау; түтін немесе күйік иісін сезсеңіз, дереу 112 нөміріне хабарласу.