15.10.2025, 22:30

Автобус апатынан қос аяғынан айырылған Алуа протезбен алғашқы қадамын жасады (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Оның видеосы әлеуметтік желідегі парақшасында жария болды.

Астанадағы автобус апатынан кейін қос бірдей аяғынан айырылған Алуа Бекен протезбен жүруді үйрене бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оның видеосы әлеуметтік желідегі парақшасында жария болды.

Кадрларда 8 жастағы Алуаның бар күшін салып, қайта жүруді үйреніп жатқаны көрінеді. Баламен жұмыс істеген мамандардың айтуынша, Алуа алғашқы күндердегідей емес, қазір жиі күлімдеп, айналасындағы адамдармен еркін араласа бастаған. Оның эмоционалдық тұрақтылығы артып, өзіне сенімі күшейген.