16.10.2025, 10:50

«Ақша бермесең – жұмысыңнан айырыласың» Талғардағы №8 мектепте мұғалімдерден мәжбүрлеп ақша жинаған

Фото: видеодан скрин

«Мұғалімдердің жалақысы жетпейді, енді соның өзін тартып алмақ па?» деген пікірлер көбейді.

Әлеуметтік желіде Талғар ауданының №8 мамандандырылған мектебінде мұғалімдерден ақша жинап жатыр деген бейнежазба тарап, қоғамда үлкен резонанс тудырды. Видео авторларының айтуынша, мектеп басшылығы педагогтерден қандай да бір семинар өткізуге қаржы талап еткен, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айтуларынша, ұстаздарға «басқа мектептердің бәрі салып қойған, тек сендер қалдыңдар» деп қысым жасалған. Ал ақшадан бас тартқандарға «салдары болуы мүмкін» деген емеурін білдірілген. Бұған қоғам өкілдері ашу білдіріп жатыр: «Мұғалімдердің жалақысы жетпейді, енді соның өзін тартып алмақ па?» деген пікірлер көбейді.

Айта кетейік, бұл жағдай мұғалімдердің құқықтарын қорғау жөнінде Президент тапсырма берген сәтте болып отыр. Оқиға орны — Талдықорған қаласы.