$ 536.32  626.9  6.6

Павлодарда ер адам анасын өлтіріп, артынша өзіне қол жұмсаған

Хат табылған. 

Фото: Асхат Аманбеков
Фото: Асхат Аманбеков

Мәйіттер табылған кезде пәтерден өзіне-өзі қол жұмсау туралы хат табылды. Онда қылмыстың себебі ретінде әкесінің өлімі көрсетілген. Біраз уақыт бұрын ер адамның әкесі қайтыс болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Павлодар облыстық полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

"Павлодар қалалық полиция басқармасы қала тұрғынын өлтіру және оның ұлының өз-өзіне қол жұмсауы фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатқанын хабарлаймын", – дейді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Сафуан Жампейісов.

Анықталғандай, күдікті қылмыс жасағаннан кейін өз-өзіне қол жұмсаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары