Әкімдік уәде беруден әрі аспай келеді.
Петропавлдың жұмысшы кенті — шынайы контраст аймағы. Орталық көшелерде жарық пен асфальт бар, ал сәл ішке бұрылсаңыз — батпақ пен қараңғылық басталады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Островский көшесінің тұрғындары жылдар бойы жолсыз, жарықсыз, үмітсіз өмір сүріп келеді. Жаңбырдан кейін мұнда тек резеңке етікпен жүруге болады. Түнде көзге түртсе көргісіз қараңғылық, ал жедел жәрдем мен өрт сөндіру көліктері мұнда жете алмайды. Адамдар көп сұрап отырған жоқ — жол, жарық пен қауіпсіздік қана. Бірақ әкімдік уәде беруден әрі аспай келеді.