$ 536.32  626.9  6.6

Алматыда автобус егде жастағы әйелді қағып кетті

Жол апатынан әйел түрлі дене жарақатын алып, қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, бүгін, 17 қазанда сағат 09:45 шамасында автобус жүргізушісі Мақатаев көшесімен шығыс бағытта келе жатып, Зенков көшесімен қиылысында жаяу жүргіншіні – 1950 жылы туған әйелді қағып кеткен. 

Жол апатынан әйел түрлі дене жарақатын алып, қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді.

– Апаттың барлық мән-жайын Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр, - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары