$ 538.12  627.02  6.65

Павлодарда оқушы мұғалімді тұншықтырмақ болды

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Павлодардағы №11 мектепте күзгі бал кезінде мұғалім мен оқушы арасында жанжал туындады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға туралы ақпарат Telegram-арнада жарияланған. Белгілі болғандай, акт залында өткен шара барысында мұғалімнің ескертуінен кейін 9-сынып оқушысы әйел ұстазды мойнынан қысып, біраз уақыт бойы тұншықтырған. Кейін оқушы мұғалімді жіберіп, залдан шығып кеткен.

– №11 мектепте болған оқиғаны растаймыз. Құқық қорғау органдары ата-анаға қатысты әкімшілік хаттама толтырды, іс материалдары сотқа жолданды, – деп хабарлады Павлодар қалалық білім бөлімі.

Ақпаратты Павлодар облыстық полиция департаменті де растады.

Ведомствоның мәліметінше, оқиғаға байланысты тексеру жүргізілген, ал оқушының әрекеті кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияда қаралатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары