$ 538.56  625.65  6.62

Қарағандыда кәріз суы өзенге құйылып жатыр: тұрғындар бірнеше жыл бойы иіске тұншығып отыр (ВИДЕО)

"Қаншама рет жазбаша және ауызша түрде ескерту жасадық". 

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Қарағанды облысының Курьянов елді мекенінің тұрғындары бірнеше жыл бойы шешілмей келе жатқан экологиялық мәселеге шағымданып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Олардың айтуынша, Орал көшесіндегі кәріз жүйесінде болған ақаудан соң лас су үнемі өзенге ағып, Веснянка өзенін ластап келеді. Тұрғындардың сөзіне қарағанда, бұл жағдай бір-екі апта емес, бірнеше жыл бойы қайталанып келеді. Кәріз суының иісі төңірекке тарап, жаздың ыстық күндері ауа мүлде тұншығып кетеді. “Қарағанды Су” мекемесіне және экологтарға бірнеше рет шағымданғанымен, мәселе шешілмей отыр.

«Біз қаншама рет жазбаша және ауызша түрде ескерту жасадық. Бірақ еш нәтиже жоқ. Веснянка өзенінің бойында тұратындар бірнеше жыл бойы иістен дем ала алмай отыр. Не “Қарағанды Су”, не экология департаменті, не жергілікті әкімдік қимылдамай отыр», – дейді тұрғындар.

Қазір бұл жағдайға байланысты қоғам тарапынан да алаңдаушылық артып келеді. Әлеуметтік желіде жарияланған видеода өзенге ағып жатқан лас судың көлемі анық көрінеді. Желі қолданушылары прокуратура мен экология министрлігін шұғыл әрекет етуге шақырып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары