$ 538.56  625.65  6.62

«Құландағы апатты үй құлағалы тұр»: Тұрғындар жылдар бойы әкімдікке дабыл қағып келеді

"Егер жер сілкінісі болса, бәріміз астында қаламыз".

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданына қарасты Құлан ауылындағы Сұлутөр көшесінде орналасқан 14-үй апатты жағдайда тұр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тұрғындардың айтуынша, бұл үй 70 жыл бұрын салынған, ал бүгінде қабырғалары жарылып, төбесі опырылғалы тұр. Соған қарамастан, әлі күнге дейін мұнда көпбалалы отбасылар мен мүгедек жандар тұрып жатыр.

«Үйде су да, жарық та жиі өшеді. Ескі ғимарат құлағалы тұр. Егер жер сілкінісі болса, бәріміз астында қаламыз», – дейді тұрғындардың бірі.

Ауыл халқы бірнеше рет аудандық және облыстық әкімдікке шағымданғанымен, нақты шара көрілмеген. Қазір үйлердің кей бөлігін тұрғындар өз қаражатына тіреп, қабырғаларды темірмен ұстап отыр. Тұрғындар табиғи апат айтып келмейтінін, ал әкімдік пен төтенше жағдай қызметі мәселені тексеріп, арнайы комиссия құрмағанына наразы.

«Әкімдік тексереміз дейді де, іс сол күйі тоқтап қалады. Үйдің астында балалар ойнап жүр, қауіп әр минут сайын күшейіп келеді», – дейді тағы бір тұрғын.

Жергілікті белсенділер Instagram желісінде Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевке ашық үндеу жолдап, арнайы комиссия құрып, апатты үйді тексеріп, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруді талап етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары