$ 536.32  626.9  6.6

Талдықорғанда су құбыры жарылып, тұрғындар бірнеше күннен бері сусыз отыр

Халық билік пен тиісті мекемелерден суды мүмкіндігінше тез қалпына келтіруді сұрап отыр.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Талдықорған маңындағы Ащыбұлақ саяжай массивінде жер астындағы су құбырлары жарылып, халық бірнеше күннен бері ауызсусыз отыр. Бұл туралы жергілікті тұрғындар хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Олардың айтуынша, су жүйесіндегі апаттан кейін тұрғындар амалсыздан суды көрші Көктал шағынауданынан тасып ішуге мәжбүр. «Бірнеше күн бойы жуынбай, тамақ пісіруге де су таппай отырмыз. Қалалық коммуналдық қызметтен ешкім келмеді», – дейді тұрғындар.

Халық билік пен тиісті мекемелерден суды мүмкіндігінше тез қалпына келтіруді сұрап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 7

Серіктес жаңалықтары