$ 536.32  626.9  6.6

Оқушылар күзгі каникулда қанша күн демалады

Мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары ұсынылады.
 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Күзгі каникул кезеңі 2025 жылғы 27 қазанда басталып, 2 қарашаны қоса алғанда жеті күнге созылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары ұсынылады.

Жоспар патриотизм, әділеттілік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дамытуға бағытталған іс-шараларды қамтиды:

  • "Балалар кітапханасы" жобасын іске асыру шеңберінде "Демалыста кітап оқимыз" іс-шарасы;
  • "Буллингтен қорған!" қауіпсіздік сабағы;
  • "Мектеп театрының" жұмысын ұйымдастыру ұсынылады.

Ең бастысы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алу іс-шараларына, мектептің ішкі тәртібін сақтау, балалардың көшеде қауіпсіздігі, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздік шараларына ерекше назар аудару қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары