Тұрғындардың талабы – қарапайым: Жөндеу жүріп жатса да, баламалы бағыт тегіс әрі қауіпсіз болуы керек.
Текелі қаласына кіретін негізгі жолда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ ең сорақысы — айналма жол дайын емес, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жүргізушілердің айтуынша, қазір көліктер егістік жермен, шұңқыр мен төмпешіктің арасымен әрең өтеді. Ал кейбірі: «электромобильдің астындағы батарея соғылып қала жаздады» деп ашынады. Әлеуметтік желіде тараған бейнелерде жеңіл көліктердің шаңды жолда ілбіп келе жатқаны көрінеді.
Авторлар «грейдер кірмеген», «жол тастан, бұйрадан тұрады» деп жазған. Ал комментаторлар «Акимат алдын ала жол дайындауы керек еді», «Бір грейдермен-ақ тегістеуге болар еді» деп пікір қалдырған. «Текелі әкімі 5 шақырым жолды жаз бойы бітірмеді» «Масқара, ұят-ай» «Жөндеу болса да, айналма жолды адам жүретіндей етіп тегістесін» Негізгі мәселе неде: Уақытша жолды алдын ала дайындамаған. Көлік қауіпсіздігі ескерілмеген. Қозғалыс баяулап, қалаға кіру қиын.
Тұрғындардың талабы – қарапайым: Жөндеу жүріп жатса да, баламалы бағыт тегіс әрі қауіпсіз болуы керек. Бір грейдер, бір күндік жұмыс – халықтың ашуын басар еді.