$ 538.11  623.51  6.61

Сынып жетекшілердің жалақысы өсуі мүмкін (ВИДЕО)

"Бұл сұрақ бұған дейін қарастырылған".

Фото: parlament.kz
Фото: parlament.kz

 

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлеменова сынып жетекшілердің жалақысын көтеру мәселесі күн тәртібінде тұрғанын растады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Бұл сұрақ бұған дейін қарастырылған. Бүгінгі таңда жалақының өсуі тікелей қаржылық жағдайға байланысты», – деді министр.

Министрлік мәліметінше, сынып жетекшілерден бөлек, мектепте еден жуушылар мен техникалық қызметкерлер де еңбек етуде, олардың жалақысы да ведомство назарында. Алайда, нақты өсімнің мөлшері мен мерзімі әлі қарастырылуда. Сүлеменова бұл мәселенің министрліктің басты назарында екенін және оның шешімін қаржы мүмкіндіктері анықтайтынын атап өтті. Жалақыны көтеру бойынша ұсыныстар алдағы айларда қаралуы мүмкін деді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары