$ 538.13  624.88  6.64

«Жүректі шымырлатады»: Марқұм Асқар Забикулиннің әйелі туған күнінде жазба жариялады

Әнел Забикулин 29 жасқа толған туған күнін атап өткенін айтты. 

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Құтқару қызметі кезінде опат болған өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің әйелі жантебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнел Забикулин 29 жасқа толған туған күнін атап өткенін айтты. 

"Бүгін 29 жасқа толдым. Күйеуім бұл өмірден өткенде 28-де еді. Енді мен одан үлкенмін… Кейде осы ой жүректі шымырлатады.

Бірақ, бәлкім, уақыт осылай өтеді. Ол бізді өмір сүруге, күшті болуға, ақылдырақ, тереңірек сезінуге үйретеді.

Кейде мен мұңаямын. Кейде күлемін. Кейде үнсіз қаламын. Бірақ әр сәтте – мен бармын. Тірімін. Шынайымын. Бүгін мен өткен әр күнім үшін алғыс айтам. Өмір сүріп жатқаным үшін, сезіне алатыным үшін,
және өмірді әлі де сүйе білетінім үшін", деп жазды марқұмның жары. 

Айта кетейік, марқұм Асқар Забикулиннің артында әйелі мен екі қызы қалған еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары