$ 528.31  608.35  6.55

Қазақстандағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар және оны енгізу тәртібі

Төтенше жағдай – адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған орта мен экономикаға қауіп төндіретін ерекше ахуал.

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Табиғи сипаттағы ТЖ көбіне жер сілкінісі, су тасқыны, боран мен бұрқасын, орман және дала өрттерінен туындайды. Қазақстан аумағының климаттық және географиялық ерекшелігі мұндай апаттардың жиілеуіне әсер етеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Режимді енгізу құқығы апаттың ауқымына қарай бөлінеді: жергілікті билік органдары, Үкімет басшысы немесе Мемлекет басшысы төтенше жағдай жариялай алады. Бұл шешім арнайы құжатпен рәсімделіп, онда ТЖ-нің себептері, шекарасы, ұзақтығы және зардаптарды жою шаралары нақты көрсетіледі.

Маңыздысы – төтенше жағдай енгізілген жағдайда азаматтар зардап үшін мемлекет есебінен өтемақы алуға құқылы. Ал оған дейін «жоғары дайындық режимі» жарияланып, ықтимал қауіптің алдын алу, эвакуациялық жоспарларды нақтылау және тұрғындарға ақпарат тарату жұмыстары жүргізіледі.

Төтенше жағдайлар кезінде тек ресми органдардың сөзіне ғана құлақ түріп, халық болып, бірлесе жұмыс істеу маңызды. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" дегендей ел болып, осындай маңызды сәттерде ауызбіршілік сақталса, алынбайтын қамал жоқ. Мұның дәлелі - еліміздің бірқатар аймағында болған су тасқыны. Төтенше жағдайлар кезінде халық "бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып", еліміздің сол сынақтан тезірек өтіп кетуіне білек сыбана кірісті. 

Қорыта айтқанда, төтенше жағдайда қайғылы оқиғаның алдын алу үшін тұрғындарды жылдам арада хабарландыру, тиісті сәтте эвакуациялау маңызды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары