$ 530.47  613.75  6.56

Қазақстандағы төтенше жағдайлардың деңгейлері мен олардың салдары

Елімізде төтенше жағдайлар ауқымына қарай төрт деңгейге бөлінеді: объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық.

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Төтенше жағдай — бұл тек табиғаттың мінезі емес, сонымен бірге қоғамның төзімділігі мен мемлекеттің дайындық деңгейін сынайтын күрделі сынақ. Қазақстан географиялық тұрғыдан сейсмикалық аймақтарға, кең өзен аңғарларына және қатал климаттық белдеуге жататындықтан, мұнда жер сілкінісі, су тасқыны, боран мен өрт сияқты табиғи апаттар жиі кездеседі. Мұндай сәттерде мемлекет пен құтқару қызметтерінің үйлесімді жұмысы, тұрғындардың қауіпсіздік ережелерін білуі және алдын алу шаралары ерекше маңызға ие. Себебі төтенше жағдайдың салдарын азайту – тек құтқарушылардың емес, әр азаматтың ортақ міндеті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Объектілік деңгей – апат бір мекеменің немесе нысанның аумағынан аспаған кезде жарияланады. Мұндайда бес пен он адамның қаза табуы немесе 50–100 адамның тұрмыс жағдайы бұзылуы мүмкін. Материалдық шығын шамамен 5–15 мың айлық есептік көрсеткіш (АЕК) аралығында бағаланады.

Жергілікті деңгей – екі аудан аумағына дейін тарайтын апаттар. Мұнда 10–50 адам қаза тауып, 500-ге дейін тұрғын өмір сүру жағдайынан айырылуы ықтимал. Зиян көлемі 15–100 мың АЕК-ке жетеді.

Өңірлік ЧС – үш аудан немесе екі облысқа дейін тарайтын жағдайлар, ал жаһандық деңгей – үш және одан да көп облысты немесе көрші елдерді қамтитын апаттар. Мұндай кезде 200-ден астам адам көз жұмып, мыңдаған тұрғын эвакуацияланады.

Бұл жіктеу – билік пен төтенше қызметтердің әрекет ету ауқымын нақтылауға, көмек пен ресурсты тиімді бөлуге мүмкіндік береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары