$ 522.49  601.07  6.47

Қазақтарға тіл тигізген Алика Мұхамадиева 3,5 жылға сотталды (ВИДЕО)

Кейінге қалдыруды қолдануға оның 2 жасар баласының болуы негіз болды.

Коллаж: Ulysmedia.kz
Коллаж: Ulysmedia.kz

Сот Алика Мұхамадиеваға қатысты айыптау үкімін шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 
 
Бүгін Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының соты Алика Мұхамадиеваға қатысты Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігі бойынша бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған айыптау үкімін шығарды.
Осы үкіммен оған Қылмыстық кодекстің 74-бабының тәртібінде жазаны орындауды кейінге қалдыру шарасы тағайындалды.

Сот үкімімен Мұхамадиева ҚР ҚК-нің 174-б. 1-б. бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, жазаны өтеу екі жылға кейінге қалдырылды.

Кейінге қалдыруды қолдануға оның 2 жасар баласының болуы негіз болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары