03.11.2025, 22:30

Қазақстан халқының саны 20,4 миллион адамға жетті

Фото: arasha.kz

Қазақстан халқының саны 2025 жылғы 1 қазандағы мәлімет бойынша 20 445 231 адамға жетті. 

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жыл басынан бері халық саны 161 832 адамға артқан. Оның ішінде:

табиғи өсім есебінен – 151 632 адам, көші-қон есебінен – 10 200 адам.

Бюро деректеріне сәйкес, қазіргі таңда жеті өңірде халық саны 1 миллионнан асты. Олар:

Алматы қаласы – 2 337 023 адам Түркістан облысы – 2 148 207 адам Астана қаласы – 1 612 512 адам Алматы облысы – 1 586 875 адам Шымкент қаласы – 1 286 087 адам Жамбыл облысы – 1 216 849 адам Қарағанды облысы – 1 131 818 адам

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ел халқының өсімі негізінен табиғи жолмен қамтамасыз етіліп отыр.