$ 528.31  608.35  6.55

Маңғыстау облысында қаңғыбас мысық тістеп алған ер адам көз жұмды

Осы жылдың тоғыз айында Маңғыстау облысында жануарлардың тістеуі мен тырнауынан 1 351 адам зардап шеккен.

Фото: magizoo
Фото: magizoo

Қаңғыбас мысық тістеп алған Маңғыстау облысының тұрғыны құтыру ауруынан көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Белгілі болғандай, мысық тістеп алғаннан кейін ер адам уақытында медициналық көмекке жүгінбеген, соның салдарынан ауру өліммен аяқталған.

Осы жылдың тоғыз айында Маңғыстау облысында жануарлардың тістеуі мен тырнауынан 1 351 адам зардап шеккен.

“Иттердің тістеуінен 823 адам, мысықтардың тістеуінен 461 адам, ал басқа жануарлардан (жылқылар, тышқандар, түлкілер) – 67 адам зардап шекті. Жануарлардың шабуылдарының көпшілігі иттерге – 64,7%, мысықтарға – 34,1 % тиесілі”, – деді Маңғыстау облысының аса қауіпті инфекциялар мен туберкулезді бақылау бөлімінің бас маманы Жарас Белгібаев.

Мамандар кез келген ит, мысық немесе басқа жануарлардың тістеуі, тырнауы немесе сілекейінің түсуі жағдайына дереу медициналық көмекке жүгіну қажет екенін және медициналық мекемеде тағайындалған антирабиялық екпелерді толық алу керегін қатаң ескертеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары