$ 522.49  601.07  6.47

«Тоқал алуды заңдастыру қажет» – депутат Абзал Құспан (ВИДЕО)

"Тоқалдықты заңдастыру қажет, заңмен реттеу қажет".

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан тоқал алуды заңдастыру қажет екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол Erbol Seilkhan Youtube арнасына берген сұхбатында мәлімдеді. 

«Тоқал алуға мен қарсы болды екен деп, сіз қарсы болды екен деп, заңды тыйым бар екен деп тоқтап жатқан адам жоқ. Сондықтан бұны заңдастыру керек деп есептеймін. Тоқалдықты заңдастыру қажет, заңмен реттеу қажет. Әуелі қоғамның талқысына салу керек, одан кейін біздер заңгерлер оның механизмін, жүйесін шығарамыз, келтіреміз. Бізде әйел құқығын қорғаушылар көп. Дәл осы мәселеге келген кезде олардың позициясы өзгере шығады. Содан-ақ олардың артында тұрған топтардың батыстық құқық ұйымдармен байланысты екенін сезіп қоямын. Ол салада көп жүрдім. Олардың мәлімдесінен-ақ, желдің қай жақтан соғып тұрған сезіп отырамын», — деді депутат. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары