$ 522.49  601.07  6.47

Оралда қоқыстан табылған нәрестенің оқиғасы бойынша қылмыстық іс тоқтатылды

Сараптама қорытындысына сәйкес шақалақ өлі туған. 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Оралда қоқыс контейнерінен шақалақтың табылуына қатысты қылмыстық іс тоқтатылғаны мәлім болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен жазғандай, қылмыстық іс қозғалып, анасын іздестіру жұмыстары жүргізілгенімен, оның мекенжайы анықталған жоқ.

Сараптама қорытындысына сәйкес шақалақ өлі туған. 

"Аталған қылмыстық іс бойынша ҚР ҚК 35-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын тоқтату туралы шешім қабылданды. Қабылданған шешім қадағалау органымен келісілді", – деп хабарлады ведомстводан. 

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Орал қаласында көпқабатты үйдің ауласындағы қоқыс контейнерінен шақалақтың денесі табылған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары