05.11.2025, 11:00

Ақтауда жаяу жүргіншілер жолында 7 жасар баланы көлік қағып кетті

Фото: lada.kz

Маңғыстау облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Кеше, 4 қараша күні Ақтауда бала көлік астына түсті. Жол-көлік оқиғасы 26-шағынауданда болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, шамамен сағат 17:30 шамасында Lada маркалы көліктің жүргізушісі 2018 жылы туған қыз баланы қағып кеткен. Бала ауруханаға жеткізілді.

Көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша (Жол қозғалысы ережелерін бұзу, адам денсаулығына зиян келтіру) әкімшілік хаттама толтырылды.