$ 524.94  602.79  6.45

Ораза қашан басталады: 2026 жылдың діни күндер кестесі бекітілді (ФОТО)

Қадір түні 16-17 наурыз.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі 2026 жылғы діни күндер кестесін бекітті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Мүфтияттың мәліметінше, 2026 жылы Ораза айы 19 ақпан мен 19 наурыз аралығына түсіп отыр. Қадір түні 16-17 наурыз. Ал, ораза айт – 20 наурыз. Құрбан айт 27-29 мамыр аралығында мерекеленеді. 

Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды.  

Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ораза #кесте