$ 526.02  607.55  6.5

«Құран кітабыма түк болмады»: Әмина қажы өртенген балалар үйіндегі таңғажайып оқиғаны айтты (ВИДЕО)

Тәрбиеленушілер уақытылы эвакуацияланып, қауіпсіз қашықтыққа шығарылды.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Алматы қаласында Наурызбай ауданы Алтын орда көшесі бойында орналасқан «Перзент» балалар үйінен өрт шықты. Балалар үйінің директоры Әмина қажы Әжібаева алғысын білдіріп, таңғажайып оқиғаны айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Бүгін осындай сынаққа қалдық. Құтқарушылар сағат төрттен беріп жұмыс істеп жатыр. Алла разы болсын, бала-шағаларының қызығын көрсін. Апасының басына күн түсіп еді, барлығы бір үйдің баласындай көмектесіп жүр. Ең кереметі, құран кітабымның өртенбей қалғанын қараңдаршы, түк болмағандай. Менің қаруым күйіп кетіпті, бірақ құранға ештеңе болмапты. Алла ұлық! Ұлылықтың белгісі», - дейді Әмина қажы.

Әкімшіліктің айтуынша,ғимаратта адамдар жоқ. Тәрбиеленушілер уақытылы эвакуацияланып, қауіпсіз қашықтыққа шығарылды.

Жағдай бақылауда: сөндіруге оқпандар енгізілді, судың үздіксіз жеткізілуі қамтамасыз етілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары