$ 524.65  607.02  6.48

Аграрлық форум, Өзбекстанға сапар: Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаевтың апталық кестесін жариялады

Жиын барысында аграрлық саланы дамытудың өзекті мәселелері талқыланады.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

14 қараша күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтетін Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумына қатысады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жиын барысында аграрлық саланы дамытудың өзекті мәселелері талқыланады.

14-15 қараша күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барады.

Мемлекеттер басшылары тет-а-тет форматында келіссөз жүргізеді, сондай-ақ президенттердің төрағалығымен Қазақстан-Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтеді.

16 қарашада Президент Ташкентте өтетін Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысады.

17-19 қараша күндері Астанаға Эстония Президенті Алар Карис мемлекеттік сапармен келеді. 

Ақордада мемлекеттер басшылары жоғары деңгейде келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастық перспективасын талқылайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары