Халық әкімдіктен толық әрі айқын түсініктеме талап етіп, бюджеттің әр теңгесі есепке алынсын дейді.
Петропавл қалалық әкімдігінің 340 миллион теңгеге екі үй сатып алу жоспары әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.
Бұл ақпарат Instagram желісіндегі elmira.kalenova парақшасынан алынды, онда автор әкімдіктің әрекетін ашық сынға алған. Желі қолданушылары мұндай ірі қаражаттың нақты не үшін жұмсалатынын әкімдік түсіндіре ала ма деп наразы. Қалада шешімін таппай тұрған әлеуметтік мәселелер көп болса да, әкімдіктің басымдықты тұрғын үй сатып алуға беруі жұртқа түсініксіз болып отыр.
Халық әкімдіктен толық әрі айқын түсініктеме талап етіп, бюджеттің әр теңгесі есепке алынсын дейді.