$ 519.41  600.85  6.41

Солтүстік Қазақстанда 34 жастағы әйел астық қоймасына құлап, көз жұмды

Қазір қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Фото: ІІМ
Фото: ІІМ

Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында элеваторлардың бірінің аумағында қайғылы жағдай болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жұмысшы шамамен 30 метр биіктіктен астық сақтайтын қоймаға құлап кеткен. Бір сәттің ішінде оны құлаған астық ағыны басып қалған. 

Алдын ала ақпарат бойынша, оқиға куәгерлері бірден құтқарушыларды шақырған. Мамандар жедел түрде іздестіру жұмыстарына кірісті. Алайда 34 жастағы әйел табылған кезде оның өмір белгілері болмаған.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті жұмысшының қаза болғанын растады.

«Еңбек қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, тергеу жүргізілуде», — деп мәлімдеді ведомство.

Қазір қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары