$ 519.41  600.85  6.41

«Таптым-ау сені»: Арбаға таңылған жігіттің үйлену тойы желіде қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

Жас жұп дәл бір жыл бұрын, былтыр 16 қарашада қарым-қатынасын бастаған.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Желіде арбаға таңылған тараздық жігіттің үйлену тойынан түсірілген әсерлі видео кең тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бейнежазбада күйеу жігіт Азамат Адамбектің қалыңдығына Қазыбек Құрайыштың “Таптым-ау сені” әнін орындап отырғаны, ал қалыңдықтың толқып, көз жасын тыя алмағаны көрінеді. Жігіттің досының айтуынша, жас жұп дәл бір жыл бұрын, былтыр 16 қарашада қарым-қатынасын бастаған. Видео желіде тез таралып, көпшіліктің қызу талқысына түсті.

Пікір жазғандардың бір бөлігі махаббаттың алдында ешқандай кедергі жоқ екенін айтып, жас отбасына бақыт тіледі.

“Бақытты болыңыздар”, “Тек қуаныш тілеймін”, “Қыздың бұл шешіміне тәнті болдым. Біз білмейтін махаббаттың күші шығар”, “Мүмкіндігі шектеулі жандар да бәріміз секілді өмір сүреді, олардың да арманы бар. Ең бастысы – бақыт”, “Өте жарасымды жұп екен”, – деп жазды олар.

Алайда пікірдің басым бөлігі қыздың шешіміне күмәнмен қараған.

“Ата-анасы неге келісті? Ол қызға қорған бола алмайды ғой”, “Қыз кейін өкініп қалуы мүмкін”, “Бұл тым шектен шыққан жағдай”, “Екі жаққа да қиын болады”, “Жастық шағын құрбан еткен сияқты”, “Мүмкін жігіттің ата-анасы ауқатты шығар”, “Ақша үшін үйлендірген бе?”, “Түсіну қиын жағдай”, “Қыздың өз еркімен қабылдаған таңдауы деп сенгім келеді”, – деген пікірлер қалдырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары