Бақыт Беделхан өзінің кезекті сұхбатында "қатындардың құтырған заманы болды" деп желіні шулатқан еді.
Әзілкеш, жүргізуші, блогер Нұрмақан Мұқанұлы ақын Бақыт Беделханның әйелдер жайлы айтқан пікіріне қарсы шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Желі белсендісі Нұрмақан Мұқанұлы әйелдердің қоғамдағы рөлін айта кеткен.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Қазір қатын құтырған заман болды»: Ақын Бақыт Беделханның әйелдер туралы пікірі қызу талқыға түсті
"Қатындардың құтырғаны жақсы болды қайта. Концерт жасайсың 80-90% билетті солар алады. Кино түсірсең залды солар толтырады. Зат сатсаң бірінші клиент те, тұрақты клиент те солар. Құтырған қатын бұл маркетологтың идеясы, блогердің контенті, продюсердің бюджеті, ең бастысы еркектің мотивациясы! Әр брендтің артында бір құтырған қатын, әр істің артында «айттым ғой саған» дейтін қатын тұр. Қатындар құтырмаса экономикамыз туралап қалатындай екен", - деп жазды ол желідегі парақшасында.
Айта кетейік, ақын Бақыт Беделхан өзінің кезекті сұхбатында "қатындардың құтырған заманы болды" деп желіні шулатқан еді.