$ 519.41  600.85  6.41

Зардап шеккендер бар: Алматыда екі автобус соқтығысып қалды (ВИДЕО)

Әлеуметтік желілерде жол апаты болған жерден фото мен видео жарияланды.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматыда екі қалалық маршруттық автобус соқтығысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желілерде жол апаты болған жерден фото мен видео жарияланды.

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттікке берген түсініктемесінде жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 12:40-та Медеу ауданында болғанын хабарлады.

«69-маршруттың жүргізушісі Райымбек даңғылы бойымен шығыс бағытта қозғалып келе жатып, Назарбаев даңғылынан шығыс жақта орналасқан аялдама кешенінде тұрған 208-маршруттық автобусына соқтығысқан. Апат салдарынан 69-маршруттың жүргізушісі мен жолаушысы медициналық көмекке жүгінді», – деп мәлімдеді полиция.

Апаттың мән-жайын Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары