Назымның пікірінше, Бишімбаев бұл әрекетті балаларды өзімен сөйлесуге мәжбүрлеп, қысым көрсету үшін жасап отыр.
Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы Назым Қаһарман экс-күйеуінің туған күніне жасаған ерекше “сыйы” туралы айтып берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Instagram-дағы парақшасында Назым Қаһарман бүгін туған күнін атап өтіп жатқанын хабарлады. Әйел дәл туған күнінде таңертең бұрынғы жұбайынан екі бірдей сотқа шақырту қағазын алған.
"Мен осы “керемет” сыйды таңертең ерте қолыма алуым үшін, өте шұғыл жеткізу рәсімдепті. Бір жыл бұрын, біз оны ата-ана құқықтарынан айыру мәселесі бойынша соттасқан кезде, сот оны сенімхат беруге міндеттеген еді. Сот талап еткен соң, ол сенімхат берді. Бұл сенімхат тура он ай ғана күшінде болды, ал тамыз айының соңында ол сенімхатты толықтай қайтарып алды. Енді ол балалардың атына берілген келісімін де кері қайтарып жатыр, яғни балалар өздері саяхаттай алмауы, шетелге шыға алмауы үшін жасалып отыр", – дейді Назым Қаһарман.
Назымның пікірінше, Бишімбаев бұл әрекетті балаларды өзімен сөйлесуге мәжбүрлеп, қысым көрсету үшін жасап отыр.
Әйел бұл талап-арыздарға құқықтық мәселе ретінде емес, психологиялық қысым ретінде қарайтынын атап өтті.
"Өкінішке қарай, мұндай адамдардан құтылу өте қиын, бұл рас. Олар соңына дейін жабысып алады, әсіресе егер сен жақсы болсаң, адалдығыңмен ерекшеленсең, көп энергия беріп, көп жақсылық жасасаң. Әрине, мұндай адамдар жай ғана кетпейді. Жалпы, мен осы жылы өзіме не тілеймін? Ең бастысы, олардан құтылсам деймін", – деді Назым Қаһарман.
Айта кетейік, Назым Қаһарман экс-министр Қуандық Бишімбаевпен 14 жыл некеде болған, олардың үш баласы бар. Жұбайлар экс-министрдің сыбайлас жемқорлық бойынша бірінші қылмыстық іс бойынша түрмеден босап шыққанынан бір жылдан кейін, 2020 жылы ажырасқан.