$ 520.02  608.79  6.57

2027 жылы елде алғашқы пилотсыз жүк көліктерін іске қосылмақ

Министрдің сөзінше, пилотсыз такси жобасында қытай тәжірибесі басшылыққа алынатынын айтты.

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында пилотсыз такси жобасы қалай іске асатынын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

— 2027 жылы алғашқы пилотсыз жүк көліктерін іске қосу жоспарда бар. Ал пилотсыз такси қызметіне келсек, жоба жоспарда бар. Заң жобасында пилотсыз таксимен бірге аэротакси мәселесін де қарастырғанбыз. Келесі жылы ол құжатты Парламентке енгіземіз. Біз заман көшінен қалмауға, жаңа технологияларды Қазақстан аумағында да қолдануға тырысамыз, — деді ол.

Министрдің сөзінше, пилотсыз такси жобасында қытай тәжірибесі басшылыққа алынатынын айтты.

— Бұл жерде бірінші кезекте қауіпсіздік мәселесі бар. Қауіпсіз болса, мәселе шешіледі. 2027 жылы пилотсыз жүк көліктерін енгізу жоспарда бар. Ал пилотсыз таксидің пайда болуы да толыққанды мүмкін деп ойлаймын. Әлемде қолданылып жүр ғой. Тек бұл жерде шектеулер бар. Мысалы біз Қытайдың Шэньчжэнь қаласында болдық. Оларда пилотсыз таксиге рұқсат етілген. Бірақ әзірше ішінде жүргізуші бірге отырады. Бізде де дәл осылай біртіндеп алға жылжитын шығармыз. Оның бәрі жолаушының қауіпсіздігі үшін жасалады, — деді Нұрлан Сауранбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары