$ 520.02  608.79  6.57

Атырауда жер үйден қос жігіттің мәйіті табылды

Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің дерегінше, газбен улану нұсқасы жоққа шығарылды.

Фото: citysakh.ru
Фото: citysakh.ru

Атырау облысының Индер ауданына қарасты Есбол ауылында жер үйден екі ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Sn.kz ақпарат порталы «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Үй иесі – 1976 жылы туған ер адам, үйінде жалғыз тұрып келген. Сол күн оның қонағы да болған. Екеуі де сол жерде жан тапсырған.

Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің дерегінше, газбен улану нұсқасы жоққа шығарылды. Ер адамдар қатты қызған пештің қасына тым жақын ұйықтап қалған болуы мүмкін, бұл ағзаның шамадан тыс қызуына әкеліп, қайғылы салдарға соқтырды деп болжанып отыр.

Марқұмдардың қазасының нақты себебін сараптама анықтайды, полиция тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 3
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#улану #Атырау