$ 520.02  608.79  6.57

Атырауда мал қырылып жатыр, ал жауапты шенеуніктер үнсіз отыр

“Адамдарды талан-таражға салғаннан кейін ғана қозғала ма?”

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

 

Атырау облысының Жылыой ауданында халықтың қорадағы малы жаппай қырылып жатқанына бірнеше күн болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бірақ жағдай ушығып тұрса да, атқарып отырған билік пен құзырлы органдар мәселені шешуге асығар емес. Аудан тұрғындары “Мына жұртқа обал болды” деп дабыл қақса, жергілікті белсенділер чаттарда ғана шырылдап жүр. Ал өңірге жауапты лауазымдылар бір-біріне сілтеп, нақты әрекет етпей отырғаны жұрттың ашуын тудырды.

“Адамдарды талан-таражға салғаннан кейін ғана қозғала ма?” - дейді тұрғындар. Ауыл халқы биліктен шұғыл шешім талап етуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары