$ 522.38  612.6  6.54

Алматыда автобус аялдамада тұрған троллейбусқа соғылды (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан фото және видео жарияланды.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Алматыда автобус қаладағы аялдамалардың бірінде тұрған троллейбусқа соғылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан фото және видео жарияланды.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жол-көлік оқиғасы бүгін, 11 желтоқсанда, сағат 11:50-де Медеу ауданында болған.

«65-маршруттағы автобустың жүргізушісі Достық даңғылы бойымен оңтүстік бағытта қозғалып келе жатып, Бөгенбай батыр көшесінен сәл жоғары жерде аялдамалық кешенде жолаушыларды отырғызу және түсіру жұмысын жүргізіп тұрған троллейбусқа соқтығысты. ЖКО салдарынан автобустың жолаушысы – 1966 жылы туған әйел зардап шекті», – деп хабарлады полиция.

Апаттың мән-жайын Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары