Әлемдегі ең биік ғимарат саналатын Меккедегі сағатты мұнара туристер үшін қажылық маусымынан кейін ғана ашылмақ. Бұл туралы Сауд Арабиясы королдігінің қызметкерлері мәлім етті, деп хабарлайды muslim.kz.
Сондай-ақ, көк тіреген зәулім ғимараттың ұшар басына шығу үшін арнайы билет сатып алу керек.
Алып ғимараттың тарихы жайлы тағы айта кетсек, Мекке шаһарының кез келген жерінен көрінетін сағат King Abdul Aziz Endowment Project деп аталатын бесінші мұнаралы кешеннің басында орналасқан. Сағаттың төрт бөлігінде Алла Тағала есімі жазылған. Ғимараттың биіктігі 601 метрді құрайды. 76 қабаттан тұратын бұл отелде 858 люкс нөмір бар.
Қонақ үй терезелерінен Үлкен және Харам мешіттерінің келбеті өте әдемі көрінеді. Айта кетейік, аталмыш қонақ үйден нөмір жалдайтындардың қатары, әсіресе, Рамазан айында арта түсетін көрінеді.