$ 448.15  483.46  4.86

Ресейлік азамат 19 тонна темірді заңсыз алып кетпек болды

Қазақ-ресей шекарасынан 19 тонна қара металл алып өтпек болған азаматтың жолы болмады, деп хабарлайды Skifnews.kz.  

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі мәлімдегендей, Ақтөбе шекара отрядына қарасты «Жайсаң» шекаралық бақылау бөлімшесінің бақылаушылары Ресей Федерациясының азаматын ұстады. Аталған азамат «МАН» автокөлігіне 19 тонна қара металды тиеп, оны шекарадан заңсыз өткізуге әрекеттенгені белгілі болды.

«Тексере келгенде аталған жүкті Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерге алып өтуге қажетті құжаттар болмай шықты», делінген хабарламада.

Ұсталған жүк пен азамат Мартөк аудандық ішкі істер бөліміне берілді.

Еске сала кетейік, осы жылдың шілде айында аталған өткізу-бақылау бекетінде шекарашылар құны 120 миллион теңгені құрайтын салмағы 100 тонна болатын түсті металдың жолын кесті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары