$ 520.02  608.79  6.57

Астанадағы наубайханада жарылыс болып, бірнеше адам зардап шекті (ВИДЕО)

Күйік алған 4 қызметкер ауруханаға жеткізілген. 

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Астанада наубайханада болған жарылыстың салдарынан 4 адам зардап шекті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Алматы ауданы М.Жұмабаев көшесінде екі қабатты ғимаратқа жапсарлас салынған бір қабатты тандырханада өрт шыққан.

«ТЖД бөлімшелері келгенге дейін тұрмыстық газ баллонының газ-ауа қоспасының жарылысы орын алып, нәтижесінде ғимарат жартылай қираған. Құтқарушылар негізгі ғимаратқа өрттің таралуына жол бермей, жедел түрде 5 газ баллонын шығарды. Өрт толығымен сөндірілді», - делінген хабарламада.

Күйік алған 4 қызметкер ауруханаға жеткізілген. Зардап шеккендердің жағдайы анықталып жатыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары