$ 522.38  612.6  6.54

ҚТЖ басшысы қазақ тіліндегі сұраққа жауап бере алмай, сынға қалды (ВИДЕО)

Мұндай жағдай брифингте бірнеше рет қайталанған.

Фото: ҚТЖ баспасөз қызметі
Фото: ҚТЖ баспасөз қызметі

“Қазақстан темір жолы” АҚ ұлттық компанияның басшысы қазақ тіліндегі сұраққа жауап бере алмай, сынға ұшырады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

ҚТЖ басшысы Талғат Алдыбергенов компанияның қарызы туралы қазақ тіліндегі сұраққа жауап бере алмай, сөзді орынбасарына берді. Алдыбергенов қойылған сұраққа алдымен түсініксіз жауап бере бастап, біраздан соң сөзін тоқтатып, қолымен ишара жасап, орынбасарынан жалғастыруын сұрады.

“Компаниямыз келесі жылы IPO-ға шығуды жоспарлап отыр. Қазір компанияның несиелік портфелі 3,7 триллион теңгені құрайды, ал жылдың басында бұл көрсеткіш – 2,9 триллион теңге болған”, – деді ҚТЖ-ның қаржы жөніндегі басқарушы директоры Даир Көшеров.

 

Видео әлеуметтік желілерде тез тарап, желі қолданушыларының сынына ұшарады. Пікір қалдырғандар басшының жауап беруде қиналуын қазақ тілін білмеуімен байланыстырды.

 

Мұндай жағдай брифингте бірнеше рет қайталанған. Кейбірі сұрағына мардымды жауап ала алмағанын айтса, енді бірі жауапты мүлде түсінбегенін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 2
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ҚТЖ #басшы