$ 522.38  612.6  6.54

MIND зерттеу орталығы депутаттың мәлімдемесіне қатысты түсініктеме берді

MIND толық зерттеу материалымен және бастапқы деректермен орталықтың ресми сайтында танысуға болатынын мәлімдеді.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Maqsut Narikbayev University жанындағы MIND аналитикалық орталығы Астана қалалық мәслихаты депутатының елордадағы қылмыс деңгейіне қатысты айтқан пікіріне байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Орталықтың хабарлауынша, депутат өз сөзінде MIND жүргізген зерттеуге сілтеме жасағанымен, келтірілген ақпарат зерттеу мазмұнына сәйкес келмейді және деректер спикер тарапынан бұрмаланған.

MIND өкілдері керісінше, олардың зерттеуі Астананың Сарыарқа ауданы мен халық арасында «Лесозавод» аталып кеткен аумақты «қылмыс ошағы» ретінде көрсетуге негіз жоқ екенін дәлелдейтінін атап өтті. Зерттеу нәтижелері бұл аумаққа қатысты қоғамда қалыптасқан стереотиптерді жоққа шығарады.

Аналитикалық орталық зерттеу деректерін бұрмалап көрсету қоғамдық пікірге теріс әсер етуі мүмкін екенін ескертіп, ақпаратты түпнұсқа дереккөздерге сүйене отырып таратуға шақырды. MIND толық зерттеу материалымен және бастапқы деректермен орталықтың ресми сайтында танысуға болатынын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары