$ 519.61  610.13  6.54

Қызылордада жаңа қойылған қоқыс контейнерлері 3 айға жетпей қирап қалды

Тұрғындар түсірген бейнежазбаларда темірі майысқан, қабырғасы тесілген, дұрыс бекітілмеген контейнерлер анық көрінеді.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Қызылорда қаласында орнатылған жаңа қоқыс контейнерлері бар-жоғы үш айдың ішінде жарамсыз күйге түскені жұрттың ашуын туғызды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Тұрғындар түсірген бейнежазбаларда темірі майысқан, қабырғасы тесілген, дұрыс бекітілмеген контейнерлер анық көрінеді.

Бұл нысандар бюджет қаржысына алынғанымен, коммуналдық қызмет өкілдері оған иелік ете алмағаны байқалады. Халыққа ортақ мүлікке осылай салғырт қарау жауапсыздықтың айқын белгісі. Қалада қоқыс жәшіктері жаңартылып, арнайы жабындар қойылғанымен, оларды күтіп-ұстау назардан тыс қалған. Тұрғындар «өз үйіндей қарамайтындар халықтың мүлкін қалай қорғайды» деп орынды сұрақ қойып отыр.

Әкімдік бақылауды күшейтпей, жауапты мекемелерден нақты талап етпейінше, бюджет қаржысы осылай желге ұша береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары