Әлеуметтік желіде тараған видеода ұнның арасынан тіс тазалағышқа ұқсас қоқыс көрінеді.
Тараз қаласында тұрғындар «Пионер» маркалы бірінші сорт ұнын ашқанда ішінен бөгде заттар шыққанын айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде тараған видеода ұнның арасынан тіс тазалағышқа ұқсас қоқыс көрінеді.
Тұтынушылар мұндай өнімнің сапасына күмән келтіріп, халықтың денсаулығына қауіп төнуі мүмкін екенін айтады. Желі қолданушылары жауапты органдардан бұл жағдайды тексеріп, өндірушіге шара қолдануды талап етуде.
Мамандар азаматтарды ұн өнімдерін пайдаланар алдында мұқият қарап, күмәнді тауарды тұтынбауға шақырады.