$ 517.66  606.49  6.44

«Өз балам өзімді өлтірмек»: Түркістан облысында әке жанұшыра көмек сұрады (ВИДЕО)

Оқиға Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласында болған.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

 

Түркістан облысында отбасылық жанжал ушығып, адамның өміріне қауіп төнген оқиға тіркелді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде тараған видео жұрттың зәресін алды: қарт әке өз ұлы тарапынан өлім қаупі барын айтып, елден және құқық қорғау органдарынан көмек сұраған. Оқиға Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласында болған. Жазбада ер адам ұлы бірнеше рет қорқытып, «өлтіремін» деп қоқан-лоқы көрсеткенін, тіпті полиция шақырылған сәтте де нақты шара қолданылмағанын айтады. Әкесінің сөзінше, ұлы уақытша босатылуы мүмкін, ал ол қайта келсе, өміріме нақты қауіп төнеді деп алаңдайды.

Қарт азамат бұл жағдайдың бұған дейін де қайталанғанын, желтоқсан айының басында жанжал шығып, өзі үйден кетуге мәжбүр болғанын жеткізген. «Өз балам өзімді өлтірмекші» деген сөз – бейнежазбадағы ең ауыр әрі қоғамды елең еткізген тұсы. Аталған видео Instagram желісіндегі @gulmira_abykai_official парақшасында жарияланды.

Журналист Гүлмира Абықай бұл жазбаны ҚР Ішкі істер министрлігінің назарына тікелей жолдап, қоғам алдында ашық жариялағанын атап өткен. Қоғамдық резонанс тудырған бұл жағдай бойынша құқық қорғау органдарының нақты шешімі мен ресми түсініктемесі күтілуде. Қарт адамның өмірі қорғалуы тиіс, ал бұл оқиға – отбасылық зорлық-зомбылыққа көз жұма қарауға болмайтынын тағы бір мәрте көрсетіп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары