$ 517.66  606.49  6.44

Ақтөбе облысындағы Темір қаласының әкімі жұмбақ жағдайда қайтыс болды

46 жастағы әкімнің денесі үйінен табылған. Алдын ала мәлімет бойынша ол өз-өзіне қол жұмсаған.

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Ақтөбе облысындағы Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетовтің денесі табылды. Өңірдің полиция департаменті суицид туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат агенттігі.

46 жастағы әкімнің денесі үйінен табылған. Алдын ала мәлімет бойынша ол өз-өзіне қол жұмсаған.

«Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары