АҚШ Венесуэланың бірнеше штатында азаматтық және әскери нысандарға соққы жасады.
АҚШ-тың Орталық барлау басқармасына тиесілі ұшқышсыз ұшу аппараты Венесуэла жағалауындағы бір айлаққа соққы жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
АҚШ Венесуэланың бірнеше штатында азаматтық және әскери нысандарға соққы жасады. Ел астанасы Каракаста жеті жарылыс болған. Куәгерлердің айтуынша, Венесуэла астанасындағы ірі әскери нысандардың үстінен түтін көтерілген. Олардың қатарында Ла-Карлота әуе базасы мен Фуэрте-Тьюна әскери базасы бар.
Бұл соққылар Венесуэланың қорғаныс министрінің үйіне және ел астанасындағы портқа да тиген.
Венесуэла президенті Николас Мадуро елде төтенше жағдай режимін жариялады. Десе де ол кейін мүлде хабарсыз кеткен. Жергілікті БАҚ бірнеше жоғары лауазымды шенеуніктің қаза табуы мүмкін екенін жазып жатыр. Колумбия президенті Густаво Петроның айтуынша, АҚШ Венесуэла парламентінің ғимаратына да соққы жасаған.
Бірнеше сағат бұрын ғана президент Мадуро Каракаста Си Цзиньпиннің арнайы өкілімен кездесу өткізген екен. Қытай делегациясының Венесуэладан кетіп, кетпегені әзірге белгісіз.
Кейінірек Трамп Венесуэла президенті мен оның жұбайы ұсталғанын мәлімдеді.
Мұны АҚШ президенті Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Оның мәліметінше, Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы ұсталып, елден тысқары жерге әкетілді.
Трамп оның неліктен ұсталғанын бүгін арнайы баспасөз жиынында айтпақ